08:30, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
СҚО-да өрт салдарынан ер адам көз жұмды
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - 3 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласында 11. 16 минут кеткенде жеке үйден өрт шықты.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт 12. 25 минут кеткенде сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-ның 7 адамнан тұратын арнайы құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылды.
Жалын шарпыған аумақ 4 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан 52 жастағы ер адам көз жұмды.