19:02, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
СҚО-да осы жылдың басынан бастап коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгермейді
ПЕТРОПАВЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың басынан бастап коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгермейді, деп хабарлады СҚО бойынша энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Жылумен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифтері бағасын бұрынғы қалыпқа келтіру мәселесі бойынша облыс басқармасы жүргізген жұмыстың нәтижесі аясында 2011 жылдың желтоқсан айындағы және 2012 жылдың басынан бастап есеп көрсеткіштері бұрынғы қалыпты тариф бойынша жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, қосымша құн салығымен қоса алғанда 2418,72 теңге/Гкал (72,56 теңге/ш.м) болады.
Осылайша, СҚО бойынша облыстық энергетика және коммуналдық басқармасының хабарлауынша, 2012 жылдан бастап Петропавл қаласының тұтынушылары жылу мен суға, газ бен электр қуатына, сондай-ақ басқа да коммуналдық қызметтерге ақшаны осы келісілген баға бойынша төлейді, және де тарифтердің бағасы қымбаттамайды.