СҚО-да полицейлерді сыбайлас жемқорлыққа байланысты айыптау бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды

Бұл мәлімет СҚО-ның ІІД жанындағы қоғамдық кеңесінің отырысында жарияланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған полицейлердің үстінен 12 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіптік комисияның отырыстарында полицияның 16 қызметкеріне қатысты жүргізілген 11 қызметтік тергеу материалдары қаралды. Айыпталушы қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды: 11-і ІІБ-нің жұмысынан жағымсыз әрекеттері үшін шығарылды, біреуі қызметінен босатылды, бесеуіне қызметке толықтай сәйкес келмейді деген ескерту берілді», - деді СҚО ІІД ЖҚБ басшысы Өміржан Рахымберлинов.
Кадрлармен жұмыс басқармасының басшысы Қапез Дәулетбаев қоғамдық кеңес мүшелерінің назарын алдымен бірінші жетекшілерге жеке құрамның тәртібі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуына байланысты сұраныстың күшейтілгеніне аудартты.