СҚО-да полиция азаматтарды заңсыз қаруды тапсыруға шақыруда

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 19-21 қыркүйек аралығында полицейлер «Қару» алдын алу шарасын өткізеді, оның басты мақсаты - заңсыз сақталған қаруларды, жарылғыш заттарды қайтару, деп хабарлайды СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Ведомстваның ақпаратына қарағанда, іс-шара шеңберінде азаматтық аңшылық қару, травматикалық қару иелері, заңды тұлға мен қару сатумен айналысатын дүкендер тексеріледі. Қазіргі таңда Солтүстiк Қазақстан облысында Iшкi iстер органдарында 15 мыңнан астам қаруды иеленетін 11 346 қару иесі есепте тұр.

«Заңсыз немесе ұқыпсыз сақталған қару өте қауіпті, ол қайғылы жағдайдың себебі немесе қылмыстың құралы болуы мүмкін. Осы жылы облыста заңсыз сақталған қару пайдаланылған 6 қылмыс тіркелді», - деп атап өтілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар