СҚО-да прокуратура мемлекетке келтірілмек болған 604 млн теңге шығынның алдын алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да прокуратура жыл басынан бері мемлекетке келтірілмек болған 604 млн теңге шығынның алдын алды. Бұл туралы облыстық прокурордың орынбасары Арай Алимов брифинг барысында мәлімдеді.
None
None

Солтүстік Қазақстан прокурорлары меморгандарда мемлекеттік сатып алуды қатаң бақылауда ұстап отыр. Олардың айтуынша, бұл жемқорлық жайлаған саланың бірі.

«Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуды тексеру барысында мемлекетке келтірілмек болған 604 млн теңге шығынның алдын алдық. Бір ғана мысал келтірейін, Петропавл қаласында автомобиль жолдарын жөндеуге және салуға конкурс жарияланды. Бұл үшін бюджеттен 177 млн теңге бөлінді. 8 қатысушы бұл жұмысты қолға алуға ниет білдірді. Бірақ, белгісіз себептермен, тізімге кірмеген мүлде басқа кәсіпорын жеңімпаз болып шыға келді. Біз дер кезінде жұмыс істеп, қаржы қайтарылды», - деді Арай Алимов.

Соңғы жаңалықтар