СҚО-да шаңғы базасының санын ұлғайтуы мүмкін

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда, облыстық әкімдікте аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың қатысуымен аппаратық жиналыс өтті.
None
None

Жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары мен қысқы спорт түрлерін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Аймақта қысқы спорт түрлерінің дамуы туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Руслан Есеналин айтты.

«Облыста қысқы спорттың 9 түрі қарқынды дамуда. Атап айтар болсақ, шаңғы жарысы, коньки жарысы, биатлон, шайбалы хоккей, допты хоккей, шорт-трек, керлинг, т.б. Қысқы спорт түрлері бойынша барлығы 426 секция жұмыс жасайды, оған 7 мың адам келеді. Сонымен бірге балалар мен жасөспірімдерге арналған 26 спорттық мектепте 980 бала қысқы спорт түрлерімен айналысады», - деді Р. Есеналин.

Аймақта қыс кезінде 372 оның ішінде 5 жабық хоккей корты жұмыс жасайды деп жоспарланған. Сонымен бірге 22 шаңғы базасы мен конькилер мен шаңғыларды жалға беретін 126 пункт.

Р. Есеналиннің айтуынша, құрамаға кірген солтүстікқазақстандықтардың саны да артуда. Бүгінгі күні 21 адам кірген. Қысқы ойын түрлерінен Ұлттық құрама командасында 69 адам бар. 4 солтүстікқазақстандық Норвегияның Лиллехаммер қаласында 2016 жылы өтетін 2-ші қысқы Жасөспірімдер олимпиада ойындарына қатысуға, ал 11-і 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадаға қатысуға үміткер.

Жиын барысында Ерік Сұлтанов дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына облыстағы шаңғы базасының санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар