СҚО-да сыйымдылығы 15 мың тонна жаңа элеватор іске қосылды (ФОТО)
«Жобаны іске асыру 2014 жылдың басында басталды. Жоба 30 мың тонна сыйымдылықпен элеватордан, 120 тонна диірмен, жем-шөп зауытынан тұрады, ол тәулігіне 120 тонна жем өңдейді. Биыл сыйымдылығы 15 мың тонна зертханамен элеваторды іске қосамыз. Келесі жылы осы уақытта жобаның екінші бөлігін тапсыруды жоспарлап отырмыз. Қазір 20 жұмыс орны құрылды, барлығы 60 орын ашылмақ. Жабдық құнының 90 пайызы - 1 млрд теңге «Қазагрофинанс» лизингінен инвестицияланады. Біз бүгінде құрылысқа 600 млн теңгеге жуық қаражат салдық», - деп хабарлады «Классик агро» ЖШС директоры Мамед Жашқұнов.
Осы айтулы оқиғамен ауыл шаруашылығы өндірушілерін Тайынша ауданының әкімі Ержан Иманислам құттықтады. «Бұл нысан дағдарысқа қарамай, елдің серпінді дамып келе жатқанының тағы бір дәлелі. Бұл жерде өңделетін - ұн, астық - экспортқа шығарылатын болады», - деп атап өтті өз сөзінде Ержан Иманислам.