СҚО-да тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласының қаржыландырылуы 6 есеге өсті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген ақпараты бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында 20 жыл ішінде денсаулық сақтау саласының қаржыландырылуы 6 есеге өсті. Бұл өз алдына 32 денсаулық сақтау нысанын ашуға жәрдемдесті.
Бір адамға шаққандағы көрсетілетін медициналық қызметтің шығыны 11 есеге артты. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі сәтті іске асып жатыр. Саланы дамытуға байланысты 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Айта кетейік, Петропавлда қазақстандық-израилдік медициналық орталық ашу жоспарлануда.
СҚО-ның дәрігерлік амбулаториялары 100 пайызға санитарлық көлікпен қамтамасыз етілген. Мәселен, 1991 жылы бұл көрсеткіш 11 пайызды құраған еді. Аймақта тәуелсіздік жылдарында бала өлімінің көрсеткіші 1,5 пайызға, ал ана өлімінің көрсеткіші 3, 2 пайызға төмендеді.
Солтүстік Қазақстан облысында демографиялық ахуалды жақсарту мен туу көрсеткіштерін арттыру барасында «Ұрпақтар қоры» бағдарламасы іске асырыла бастады.