СҚО-да Түмен облысының бизнес-делегациясы Байланыстар биржасы жұмысына қатысты

ПЕТРОПАВЛ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына Ресей Федерациясы Түмен облысының делегациясы іскерлік сапармен келді.
None
None

Бұл кездесудің мақсаты - әріптестер мен әлеуетті сатып алушыларды іздестіру. Сапар бағдарламасына сәйкес ол С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада Байланыс биржасының жұмысымен басталды.

Түмендік делегация құрамында әртүрлі салалардың 14 кәсіпорын өкілдері, олардың арасында «Ялутор автомобиль зауыты» ААҚ, «Тобыл «Биовек» табиғи сусындар зауыты» ЖШҚ, DOM және KO өндірістік-құрылыс компаниясы, «Түмен комсомолы атындағы «Түменқұрышкөпір» ЖШҚ, «ДорстройИнвест» ЖШҚ және басқалары бар.

Солтүстік Қазақстан облысынан байланыс биржасына аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындары мен бизнес-құрылымдар өкілдері қатысуда.

Кездесуді аша отырып, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Тәтікамал Құлжанова көршілес Солтүстік Қазақстан және Түмен облыстары арасында әртүрлі салаларда сауда-экономикалық байланыстар белсенді дамып отырғанын атап өтті.

СҚО әлемнің 70 елімен сыртқы-экономикалық байланысты жүзеге асыруда. Өткен жылы сыртқы сауда айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асты, соның ішінде экспорт - 300 млн. доллар, импорт - 900 млн. доллар болды. Ресей Федерациясы - аймақтың сыртқы экономикалық байланыстағы негізгі әріптесі. Бұл орайда 2012 жылы Ресейдің үлесі тауар айналымының 60 пайыздан астамын құрады, деді облыстық басқарманың бастығы.

Кездесуде атап өтілгендей, ынтымақтастық әлеуеті өте көп: машина жасау, құрылыс, балық шаруашылығы, туристік бизнес және басқа да салалар бар және осындай кездесулер өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге бағытталған.

Қатысушылар байланыстар биржасында өздерін таныстырғаннан кейін олар нақты кәсіпорындармен және құрылымдармен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізді.

Түстен кейін ресейлік бизнес-делегация мүшелері «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС, «Мұнаймаш» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «Барысстрой» ЖШС сияқты бірқатар нысандарда болады.

Соңғы жаңалықтар