18:21, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
СҚО-да тұңғыш рет «Жас Алау» республикалық әскери-патриоттық ойындары өтуде
ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Солтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет «Жас Алау» республикалық әскери-патриоттық ойындары өтуде, оған еліміздің төрт аймағынан келген бозбалалар мен қыздар қатысуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ойын Петропавлдың орталық алаңдарының бірінде салтанатты рәсіммен басталды. Республикалық әскери-патриоттық ойындарға қатысушы ? Астана, Арқалық, Қостанай қалаларының, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының командаларына біріктірілген сегізінші сынып оқушылары «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ойындар жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі маңызды іс-шара болып табылады. Өйткені еліміздің болашағы қоғамның жастарға қалай тәрбие бергеніне байланысты болмақ.Әскери-патриоттық ойындар барысында оның қатысушылары пневматикалық винтовкадан атудан, граната лақтырудан, жүзуден және жеңіл атлетикалық жүгіруден, сондай-ақ спорттың басқа да бірқатар түрлерінен жарысатын болады. Республикалық әскери-патриоттық ойындар мамырдың 29-ында аяқталады, сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау да осы күні өтеді.