СҚО-да туристік маусым-2016 ашылды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында туристік маусым ашылды. Шараның басталуына Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі өңірлерінен туроператорлар жиналып, бас қосты. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Туризм апталығы Погодин атындағы облыстық драма театрында өткен алғашқы «Қызылжар. Туризм -  2016» аймақтық көрмесімен ашылды. Қонақтарды СҚО  әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев пен Ақмола облысы туризм басқармасының бастығы Шынарбек Батырханов құттықтады.

Мұхтар Манкеев ағымдағы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына 600-ден акстам турист келгенін атап өтті, ал өткен жылғы осы кезеңде небәрі 200 қонақ келген болатын.

«Біз ішкі туризмді белсенді дамытуымыз қажет. Біз өңіріміздегі тамаша демалыс аймақтарын, пантамен емдеуді ұсына аламыз. Сонымен бірге біз туристеріміз үшін Қазақстанның жаңа облыстарын ашуға әзірміз», - деді Мұхтар Манкеев.

Бұл күні шараға қатысушылар Петропавл қалсындағы туристік нысандар: «Абылай ханның ордасы» музей кешенінде, ботаникалық бақта, «Нептун» аквапаркінде, сондай-ақ «GreenWood»,  «GreenPark» және  «Абакшино» демалыс аймақтарында, «GreenWhich» қнақүйінде болды.

Шара туроператорлар және Қазақстан мен Ресей  БАҚ-тары үшін ақпараттық турға жалғасты. Делегация Айыртау ауданына аттанды, онда 2016 жылғы туристік маусым ашылды. Бұл аудан ҚР-да туризмді дамыту тұжырымдамасына енгізілгенін атап өткен жөн.

Мұнда «Қарасай және Ағынтай батырлардың» мемориалдық кешенінде, «Айғанымның усадьбасы» музей кешенінде, пантамен емдеу шипажайында және «Солнечное ВИП» демалыс аймағындағы марал фермасында, сондай-ақ Шалқар көлі мен «Акбар» демалыс аймағында болу белгіленген. Сондай-ақ «Туристік саладағы өңіраралық кооперация» тақырыбында кеңес өткізу жоспарлануда. 

null null  

Соңғы жаңалықтар
telegram