СҚО-да Үндістанның 6 азаматы тұтқындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда Үндістанның 6 азаматы ұсталды. Шетелдіктер бір тәулікке тұтқындалды. Олар көші-қон қағидасын бұзғаны үшін елден сыртқа шығарылады. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«СҚО ІІД Заңсыз көші-қонмен күрес жеке взводының қызметкерлері Петропавлдың вокзал маңындағы аумағынан Үндістаннан келген 6 азаматты ұстады. Тексеру барысында олар ҚР аумағына алматылық ЖШС-ның шақыртуымен келген. Олар дәнекерлеу жұмысын жүргізудің жаңа технологияларын енгізу мәселесі бойынша конференцияға қатысу үшін тіркеуден өткен. Алайда, дәнекерлеу жұмыстары бойынша қызмет көрсету үшін Үндістан азаматтары облыс ауылдарының біріне келген».

Шетелдіктер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 394-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімі бойынша кейіннен ҚР-нан шығара отырып, 1 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды.

Осы жылғы 10 айда облыстың көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 2 600 астам шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олардың 110-ы сот шешімі бойынша елден шығарылды.

Соңғы жаңалықтар