СҚО-да үздік жастарды марапаттады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жастар форумы өтті. Онда СҚО әкімі Ерік Сұлтанов үздік жастарды марапаттады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
None
None

Солардың бірі - Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны Иван Горбаль. Ол құтқарушыларды күтпей-ақ, өртеніп жатқан үйден үш баланы алып шыққан. 

Облыс әкімінің марапатына «Үздік жас ғалым» аталымында Татьяна Ермолаева, «Жас талант» аталымында Тимур Кәрімжанов, «Үздік жас инноватор» аталымында  Маржан Аманжолова, «Жас маман» аталымында Дәулет  Серғазин, «Үздік студент» аталымында  Олжас Төлеген ие болды.  «Жас спортшы» аталымында биатлон бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегері  Рустам Набиуллин үздік деп танылды.

null  

Үздік әлеуметтік жоба аталымында «Улыбка» қайырымдылық қоры үздік атанды. Жастардың үздік ұйымы атануға Ғабит Мүсірепов ауданының «Ел тірегі - опора страны!» әскери-патриоттық клубы лайық деп танылды.  «Жастар істері бойынша үздік комитет» гуманитарлық-техникалық колледждің Жастар істері бойынша комитеті, ал «Жастар саясаты туралы хабар тарататын үздік БАҚ» - «Молодежная-Жастар» газеті болды.

Жастар алдында сөз сөйлеген Ерік Сұлтанов елдің жетістіктері жастардың азаматтық белсенділігі мен олардың жауапкершілігіне байланысты екенін айтты.

null  

«Бүгінде елімізде атқарылып жатқан шаруалардың барлығы жастар үшін, сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалып жатыр», - деді СҚО әкімі.

Өңір басшысы атап өткендей, облыста «Жасыл Ел», «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға!» бағдарламалары сәтті жүзеге асырылып келеді.  «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқалы 15 мыңнан астам жас еңбекпен қамтылды, 6 мың гектардан астам аумақ өңделді.

«Еңбекпен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында облыстың бес ауданында жұмыс жасап жатқан жастарға арналған алты жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. 2016 жылдың басынан «Еңбекпен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына  2 146 жас қатысты. Жастар тәжірибесіне 1 997 адам бағытталды.

null  

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 1007 жас маман жалпы сомасы  134 млн. теңгені құрайтын көтермеақы алды,  540 бағдарламаға қатысушыға 1 млрд теңгеден астам сомаға несие берілді.  

null null 

Соңғы жаңалықтар