СҚО-да «Жасөспірім» іс-шарасы барысында кәмелетке толмағандарға қатысты 400 құқық бұзушылық анықталды

ПЕТРОПАВЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасының барысында кәмелеттік жасқа толмағандар ұсталған ойын-сауық мекемелерінің 13 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментініңақпараты бойынша, аталмыш іс-шара өткізілген үш күннің ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 400 құқық бұзушылық анықталды.

Петропавлда «Филин» дәмханансының әкімшісі түнгі уақытта 17 жастағы жасөспірімді аталмыш мекемеге кіргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарталыды. Уәлиханов ауданының Мортық ауылында кәмелекеттік жасқа толмаған жергілікті жасөспірімдер би алаңында жүргені үшін ауыл клубының директорына айыппұл салынды.

«Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында осындай 13 факті анықталды.

Полиция қызметкерлері ішімдікке масайған 12 жасөспірімді ұстады.

Шара барысында берекеті қашқан 138 отбасы және 103 жасөспірім ішкі істер органының есебіне алынды. Шара барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар бас-аяғы 410 құқық бұзушылықты анықтады.

Соңғы жаңалықтар