СҚО-да жолда қалған 65 адам құтқарылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар мереке күндері жолда қалған 65 адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында өңірдің жолдарында 22 көлік қар құрсауында қалып қойған. Салдарынан 65 адамды, соның ішінде 12 баланы қауіпсіз жерге шығаруға тура келген.

«Жолдағы кептеліс негізінен облыстың оңтүстік аудандарында болды. Боранның салдарынан Айыртау ауданында тұрғындар жолда қалды. Кеше 4 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығынан «Тимирязев-Сарыкөл» бағытындағы тасжол жабылды. Жолды қар алып қалған. Арнайы қызметтер жолды ашып, көлік қозғалысы қалпына келді. Бүгін барлық бағытқа жол ашық», - деді СҚО ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы Рүстем Жұмағалиев.

СҚО-да ауа райының нашарлығынан мереке күндері жол бірнеше рет жабылды. 5 қаңтарға да алдын ала ескерту жарияланды. Мамандардың сөзіне қарағанда, ертең боран соғып, тұман түспек.



Соңғы жаңалықтар