СҚО-да жүк көлігі екі пойызбен соқтығысқан апаттың бейнежазбасы интернетте жарияланды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін СҚО-да МАЗ жүк көлігі екі пойызға соғылып, жүргізушісінің қаза тапқандығы туралы хабарлағанбыз. Сол қайғылы оқиғаның бейнежазбасы интернетте пайда болды.
None
None

Youtube сайтына және әлеуметтік желілерге салынған бұл видеоны жұрт қызу талқылап жатыр.

Айта кетейік, 24 жастағы МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі темір жол торабына шығып кетіп, жүк пойызына соғылған болатын. Дәл сол сәтте апат орын алған жерге екінші жолмен «Иркустк - Кисловодск» (494 жолаушысы бар 15 вагон) бағыты бойынша бет алған поезд келіп қалады. Машинист шұғыл тежегішті басып үлгерсе де, пойыз автокөлікке барып соғылады. Салдарынан оның 3 вагонына зақым келген. Жолаушылар арасында жапа шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар