СҚО-да жыл аяғына дейін тез дайындалатын тағамдар шығаратын фабрика іске қосылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында осы жылғы желтоқсанда «Радуга» кәсіпорнында жылдам тамақтану өнімдерін шығаратын фабрика іске қосылмақ. Бұл туралы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша облыс активі отырысында «Радуга» ЖШС бас директоры Дмитрий Шарапаев хабарлады.
None
None

«Біздің «Радуга» ЖШС кәсіпорнына 20 жылдан асты, Қазақстан нарығындағы ірі көп бейінді кәсіпорынға жатамыз. Бүгінде компанияда 1500 адам еңбек етеді. Біз тағам өнімдері мен шаруашылық тауарлардың дистрибьютері ретінде бастадық. Бизнестің жол картасы, Жұмыспен қамту жол картасы сияқты бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар арқасында бизнесіміз жаңа бағытқа көшті», - деді Д. Шарапаев.

Осы жылғы қаңтарда ИИДМБ аясында «Радуга» ЖШС-да полиэтилен құбырлар, металл бұйымдар, халық тұтынатын тауарлар өндірісі бойынша кешен іске қосылды.

Импорт алмастыру стратегиясының аясында желтоқсанда жылдам тамақтану өнімдерін шығаратын фабриканы іске қоспақпыз. Өндірісті ашу кезінде 32 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Мемлекет басшысы бастамашылық еткен бизнесті қолдау бойынша экономикалық саясат пен мемлекеттік бағдарламалар бізге дамудың жаңа бағытын таңдауға және барлық қиындықты лайықты еңсеруге мүмкіндік береді деп санаймын», - деп қосты ЖШС бас директоры.

Соңғы жаңалықтар