СҚО-да жыл басынан бері 2 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары 70 624 құқық бұзу әрекеттерін анықтады. Көлікті спиртті ішімдік ішіп алып басқарған 2138 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Тек соңғы аптаның өзінде облыс жолдарында 45 мас жүргізуші ұсталды. 


Жергілікті полиция қызметінің мәліметтерінше, жыл басынан бері мас жүргізушілердің кесірінен болған жол-көлік оқиғаларының саны 20-ны құрап отыр. Осы оқиғалардың барысында 2 адам мерт болып, 33 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

70 мыңнан астам жол ережелерін бұзушылардың 439-ы әкімшілік жауапкершіліктер бойынша тұтқындалды, 39 адамға айыппұл салынды.

«Мас жүргізушілер мен өзге де заң бұзушыларды ұстау мақсатында апта сайын түнгі рейдтер ұйымдастырылады. Демалыс және мереке күндері жол-көлік бақылау қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді»,-деді СҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Қазбеков.

Соңғы жаңалықтар