СҚО-да жыл басынан «Еңбекпен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 160 жоба қолдауға ие болды (ФОТО)
Несие ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ресімделді. Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының несие менеджері Олжас Сағандықов мәлім етті.
«Еңбекпен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы биыл 22 шілдеге дейін 299, 15 млн. теңгенің 160 жобасын қаржыландырды. Ағымдағы жылдың жоспары 451,3 млн. теңге, қаржыландыру жалғасып жатыр»,- деді О.Сағындықов.
«Еңбекпен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын солтүстікқазақстандық Ерғали Жәкеев те пайдаланды.
Ол бірнеше жыл бұрын «Еңбекпен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге несие алған. Азық-түлік дүкені мен дәмхана ашты. Ірі қара өсіре бастады. Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жергілікті тұқымды 12 бас аналық ірі қараны сатып алды. 5 млн. теңге қарыз алды.
«Мемлекет қолдау көрсететіні қуантады. Ең бастысы, жалқауланбай еңбектену. Ірі қара санын ары қарай жоспарлап отырмыз», - деді «Жәкеев» ЖК директоры Ерғали Жәкеев.