СҚО-дан Сенаттың шығып қалған депутатының орнына «Нұр Отан» мүшесі, уақытша жұмыссыз С. Біләлов сайланды

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабардар етті.
None
None

2013 жылғы 15 наурызда Сол­түстік Қазақстан облысы­нан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау болды. 3 кандидат дауысқа түсті. Сай­лау күніне дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Е.Ш. Қарбаев өз кандидатурасын алып тастайтыны туралы өтініш беруіне байланысты шығып қалды.

212 таңдаушыдан дауыс беруге 207 немесе таңдаушылардың жалпы санынан 97,64 пайызы дауыс беруге қатысты.
Берілген сайлау бюл­летень­дері­нің жалпы санынан 6 сайлау бюл­летені жарамсыз деп танылды.

Солтүстік Қазақстан облысы­нан Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың мы­надай қорытындылары белгі­ленді:

Біләлов Серік Сұлтанғазыұлына 180 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыс­тарының 89,55 пайызы берілді;
Сәдуақасов Қабиден Қайыр­бек­ұлына 21 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 10,45 пайызы берілді.
Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының депута­ты болып 1958 жылы туған, уақыт­ша жұмыссыз, Петропавл қала­сында тұратын, қазақ, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­тия­сының мүшесі Біләлов Серік Сұлтанғазыұлы сайланды.

Соңғы жаңалықтар