08:37, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
СҚО-ғы Каменка көлінде он төрт күн бұрын із-түзсіз жоғалған 33 жастағы ер адамның денесі табылды
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы Каменка көлінде 14 күн бұрын із-түзсіз жоғалған 33 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жексенбі, 5 тамыз күні Атырау қаласындағы Балықшы кентіндегі Жайық өзенінде бір тәулік бұрын суға батып кеткен 61 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол судан ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметіндегі 2 адам мен 1 техникасының көмегімен шығарды.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Явленка ауылынан 2 шақырым жерде, Каменка көлінде жергілікті тұрғындар 4 тамыз күні 2012 жылдың 21 шілдесінде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 33 жастағы ер адамның өлі денесін алып шықты. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД су-құтқару қызметіндегі 2 адам мен 1 техника жұмылдырылды.