20:24, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
СҚО кеденшілері «Жаңажол» бекетінде экономикалық контрабанданың бірден үш фактісін ашты
ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері үшін таяудағы өткен күндер оңай болған жоқ. СҚО кеденшілері «Жаңажол» бекетінде экономикалық контрабанданың бірден үш фактісін ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат осы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мамырдың 22-сінде «Жаңажол» бекетіне Қарағандыдан Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласына кетіп бара жатқан бос жүк автомашинасы келіп жетеді. Оның кабинасын қарау кезінде 600 мың ресей рублі көлеміндегі шетел валютасы табылды және алынды. Сонымен қатар, Қарағанды облысының тұрғынын жеке қарау кезінде 80,6 мың ресей рублі көлеміндегі мәлімделмеген валюта табылды және тәркіленді.Сол күні бірнеше минөт өткеннен кейін кеден бекетінде тағы бір жүк машинасы қаралды, онда да 600 мың ресей рублі көлеміндегі заңдастырылмаған ақша қаражаты анықталды.Жексенбі, мамырдың 24-і күні «Жаңажол» бекетінде Алматыдан Гамбург қаласына (Германия) кетіп бара жатқан, рөлде Германия азаматы отырған «Mersedes Benz» маркалы автомашинаны қараудан өткеннен кейін кедендік бақылаудан жасырын түрде 12 мың еуро көлемінде заңдастырылмаған валютаның әкету әрекетінің тағы бір көрінісі әшкереленді. Осы фактілер бойынша жоғарыда көрсетілген азаматтарға қатысты «Экономикалық контрабанда» бабында көзделген қылмыстардың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.