СҚО колледжінің студенттері Жеңістің 65 жылдығына арналған Бүкілресейлік «Тарих кезеңдері» атты конференцияға қатысты

ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж делегациясы Ресей Федерациясының Шадринское қаласында болып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған Бүкілресейлік «Тарих кезеңдері» атты тарихи-өлкетану студенттер конференциясына қатысты.
None
None

Конференцияға Омбы, Түмен, Қорған, Иркутск, Перм, Самара, Улан-Удэ және тағы басқа Ресей қалаларынан келген студенттер қатысты. СҚО-дан келген делегация Қазақстаннан барған жалғыз ұжым, бұл петропавлдық колледждің Шадринское қаласы политехникалық колледжімен көп жылдардан бергі ықпалдастығымен байланысты.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің қатысушылары өздерінің Ұлы Отан соғысы мен Солтүстік Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындары туралы зерттеу жұмыстарын ұсынды. Конференцияға қатысушылар 1941 жылдың тамызында Петропавл қаласында құрылған және Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысқан, Балтық бойы, Польша, Чехославакияны азат етіп, Александр Невский орденімен марапатталған 314 атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы жайлы баяндаманы ықыласпен тыңдады.

Петропавлдық студенттердің барлық жұмысы дипломдармен марапатталып, бүкілресейлік студенттер конференциясының материалдар жинағына енді.

Соңғы жаңалықтар