СҚО мен Свердлов облысының кәсіпкерлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 12-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Сәрсенбіде Петропавл қаласына Ресейдің Свердлов облысының сауда-экономикалық миссиясы келіп, олар Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Миссия екі елдің сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, екі облыстың сауда-экономикалық палаталарының ұйымдастыруымен құрылды. Шараға қонақтардың 11, солтүстікқазақстандықтардың 50 кәсіпорыны мен ұйымдары қатысты. Солтүстік қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлер бір-бірін өздерінің кәсіпорындарында шығарылатын тауар түрлерімен таныстырды, келіссөздер жүргізді және ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды. Кездесудің басты мақсаттарының бірі Қазақстан ? Ресей арасындағы өз ара тиімді сыртқы сауда айналымын кеңейту, өткен жылы бұл көлем 847 млн. АҚШ доллары көлемінде болатын. СҚО сауда-экономикалық палатасының ендігі жоспары ? Ресейдің Түмен облысының кәсіпкерлерімен де миссия ұйымдастыруды қолға алу.
Соңғы жаңалықтар