СҚО-ның әкімі ауылдағы жолдардың жағдайымен танысты

ПЕТРОПАВЛ. КАЗИНФОРМ - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Қызылжар және Есіл аудандарында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қызылжар ауданында Ерік Сұлтанов Бескөл ауылындағы «Workout» спортымен айналысуға арналған алаңды тамашалады. Осы жерде жасанды көгалмен көмкерілген шағын футболға арналған алаңды да көрді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, енді бұл жерді саламатты өмір салты орталығы деп айтуға болады. Бұл жерге спортпен айналысуға тек балалар ғана емес, ересектер де келеді.

Ерік Сұлтанов тұрғындармен болған жүздесуде осы сияқты алаңдар спортты насихаттауға зор ықпал ететіндігін айты. Ал, спортпен айналысу денсаулық үшін өте маңызды.

Бұдан әрі өңір басшысы аудан орталығындағы орталық стадионды қайта құру жұмыстарымен танысып, ұсақ тас төселген көшелерді аралады. «Рассвет» және «Семипалатинское» ауылдарында Ерік Сұлтанов ауылішілік жолдарды көрді. Бұл жерде де «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» аясында жолдарға ұсақ тас төселген.

«Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 311 елді мекенді көріктендіруге қаржы бөлінді. Біз жол бойларын жарықтандырып, ауылішілік жолдарды жаңартып, спорттық құрылғылар орнатамыз»,-деді Ерік Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар