СҚО-ның жол полицейлері жүк көлігімен жолда тұрып қалған Венгрия азаматына көмекке келді

ПЕТРОПАВЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Осы аптаның басында болған алғашқы аязда жол полицейлері тұрып қалған жүк көлігі жүргізушісіне көмекке келді.
None
None

Солтүстік Қазақстанда бір тәуліктен аз уақытта термометр бағанасы -6 градустан 16 градусқа дейін төмендеді, кейбір жерлерде ауаның температурасы 18 градус аязды көрсетті.

Венгрия азаматы Иштван Слобода Италиядан Қазақстанға жүк тасымалдап келе жатқан. Қайтар жолда Астанада көлігіне жазғы дизельдік отын құяды. Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан оның жанармайы Петропавлдан бірнеше шақырым жерде қатып қалады.

Кешке жолдың бұл учаскесінде бақылау жүргізген СҚО ІІД-нің жол полициясы жеке батальонының экипажы жолда тұрған жүк көлігіне назар аударады.

Орыс тілінде нашар сөйлеген жүргізушімен әңгімелесуден кейін полицейлер дизельдік отынның қатып қалғанын түсініп, оған көмектесуге әрекет жасады. Бірақ жанармай құятын бакты жылытып, қозғалтқышты іске қосу мүмкін болмады.

Осыдан кейін олар көлікті жылы орынға апарып, жүргізушіге ыстық шай беріп, тамақтандырды, түнде ол полицейлердің көлігінде ұйықтады. Таңертең дизельдік отын қысқыға ауыстырылған соң, ол жолға аттанды.

Өткен жылғы қыстың суығында солтүстікқазақстандық полицейлер алыс жолға сапарлаған 30 жүргізушіге көмектескен еді.

Соңғы жаңалықтар