08:44, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
СҚО орманында өртеніп кеткен шағын вагонның ішінен 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Солтүсітк Қазақстан облысының орманында өртеніп кеткен шағын вагонның ішінен 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Сейсенбі, 6 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино кентінің жанындағы орманда тұрғын шағын вагон өртенген. Жалын тілі 24 шаршы метрді шарпыды. Өрт өзінен-өзі сөнді. Оқиға орнынан 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды.