17:17, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
СҚО полицейлері «Есірткі қалқаны» операциясын жүргізуде
ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Есірткі қалқаны» шұғыл алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Операцияның үш күні барысында заңсыз есірткі айналымының 8 фактісі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Операция барысында героин сатушылар ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Мамырдың 25-інде басталған «Есірткі қалқаны» операциясы жүргізілген уақыт ішінде полиция қызметкерлері заңсыз есірткіні таратуға байланысты 8 қылмысты ашты.