СҚО полицейлері мал ұрлықшыларын қолға түсірді
Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында мал ұрлықшыларының бір тобын қолға түсірді. Өткен аптада Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші қызметіне Орталық ауданының тұрғыны малының жоғалғандығы туралы шағым түсірген. Мал жайылымнан жоғалған. Зардап шегуші залал мөлшерін 250 мың теңгеге бағалады. Криминалды полиция бөлімінің бастығы, майор Айдарбек Ғабдуллин басқарған жедел-тергеу тобы Орталық ауылынан 4 шақырым жерде мал жемтігін тапқан.
Бұл істі тексеру барысыда жедел із кесушілер Есіл ауданына келіп тоқтаған. Осы қылмысты жасады деген күдікпен бұл жерде Явленка ауылының екі тұрғыны, артынша Петропавлда қылмыстық топтың үшінші мүшесі қолға түскен.
Жыл басынан бері мал ұрлауға қатысты 78 факт тіркелген екен, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда үш есеге кем. Қылмыс санының ашылуы 92 пайызды құрады.