СҚО полицейлері заңсыз мигранттарды анықтау шараларын жүргізуде

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша шетелдік жұмыс күшінің дәстүрлі шоғырланатын орындарының бірі «Алтын базар» базары болып табылады. Базарларда, кәсіпорындарда және шаруашылықтарда жұмыс істеу үшін Тәжікстаннан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келген қонақтар тартылады. Биылғы жылы шетелдіктердің Қазақстанда жұмыс істеуіне құқық беретін айырықша үлгідегі миграциялық карталардың қолданыс мерзімі аяқталады.
Айырықша үлгідегі миграциялық карталар «Заңсыз еңбек иммигранттарын заңдастыруға байланысты амнистиялау туралы» ҚР Заңына сәйкес 2006 жылы берілген болатын. Алайда рұқсаттың қолданыс мерзімінің аяқталғанына қарамастан, көптеген еңбек мигранттары өз елдеріне қайтқан жоқ және заңсыз негізде жұмыс істеулерін жалғастыруда.
Тек «Алтын Арман» базарына жасалған бір ғана рейдтің барысында құжатсыз 19 шетелдік және Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 12 адам анықталды.
Сот шешімімен Тәжікстанның және Қырғызстанның үш азаматы республика аумағынан шығарылды. Олардың Қазақстанға 5 жыл бойы келуіне рұқсат етілмейді.