СҚО: Сергеев су қоймасындағы су тағы көтерілді
Новоникольск ауылының маңындағы су 13 см, Петропавл маңында 9 см, Долматово ауылында 13 см көтерілуі мүмкін делінген хабарламада.
Бірнеше күн бойын Петропавлдан 40 шақырым алшақ орналасқан Новоникольское маңындағы көпірмен жүруге шектеу қойылды. Енді Боголюбово ауылы арқылы жолды айналып өту керек.
Сонымен қатар республикалық маңыздағы Челябі-Новосібір тас жолының 5 шақырымы жабылды. Заречный кенті арқылы өтетін жол ұйымдастырылды.
«21 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының шешімімен жолдың тағы бір бөлігі жабылды: Петропавл су тоғаны жағынан Заречный кентіне бұрылысы. ТЖ қаупі бар аумақтар туралы Заречный кентінің тұрғынарына хабардар етілді. Су деңгейі күнде тексерілуде», - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың мәліметінше, облыс орталығы маңындағы Есіл өзенінде су басу қаупі 10-15 күнді құрауы мүмкін.