СҚО тұрғынынан 3 мыңға жуық контрафактілі диск тәркіленді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО қаржы полицейлері контрафактілі тауарды заңсыз сатумен айналысқан әйелді ұстады.
None
None

Облыстық қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 55 жастағы Новоишимское ауылының тұрғыны DVD-дискілерін заңсыз сатумен айналысқан. Ол контрафактілік тауарын өткізу кезінде ұсталды. Одан 2700 дана контрафактілік дискі тәркіленген.

Қаржы полициясы департаменті оның үстінен контрафактілік DVD-дискілерін заңсыз сатып алу, сақтау, сату бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қаржы полицейлерінің ақпаратынша, құқық иеленушілеріне келтірілген шығын көлемі 3 млн. теңгеден асқан.

Сезіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді. Ол мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар