17:10, 30 Қараша 2015 | GMT +5
СҚО үздік судьяларына пәтерлер мен көлік кілттері табысталды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Тұңғыш Президент күні қарсаңында СҚО үздік судьяларына пәтерлер мен көлік кілттері, сонымен қатар алғыс хаттар мен медальдар табыс етілді.
Облыстық соттың судьясы Қоқанова Рабиға Нұржанқызы III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.
Облыстық соттың судьясы Мұқанов Мұрат Еслямғариұлы мен Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның № 2 сотының төрайымы Досымова Әсел Амангелдіқызы «Қазақ хандығына 550 жыл» белгісіне ие болды.
Қазақстан Республикасы судьялар одағының алғыс хаты Петропавл қалалық сотының судьясы Гусев Михаил Михайловичке берілді.
Облыс сотының материалдық-техникалық жабдықталу көрсеткішін арттыру мақсатында 3 жаңа көлік пен екі қызметтік пәтердің кілті табысталды.
Облыстық сотта «Елбасының еңбектері» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Жиылғандар мерекелік концерт пен «Елбасы» деректі фильмін тамашалады.