15:00, 07 Шілде 2013 | GMT +5
СҚО - «жасыл экономиканы» дамытуға өте қолайлы аймақ
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау маңызды.
Бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін табу - заман ағымы талап ететін құбылысқа айналып, әлемдік сипат алды. «Жасыл экономиканы» дамытуға қолайлы өңірлердің бірі - Солтүстік Қазақстан облысы, деп хабарлайды 24 kz.
Өзен-көлге бай өлкеде желдің екпіні де күшті күн сәулесі де жеткілікті. Ғабит Мүсірепов ауданындағы тікұшақтарды ұшыратын шағын кәсіпорын қуат көзін осы жел мен күннен алып отыр. Қос құрылғы тәулігіне10 кВт-қа дейін энергия өндіреді.
Аталмыш кәсіпорынның директоры Анатолий Лугининніңайтуынша, мұнда жел жыл бойы соғады. Күн сәулесі де жақсы түседі. «Бір сөзбен айтқанда, ауа райы - баламалы энергия көзінің таптырмас қайнары. Жел болмаса, энергияны күннен аламыз. Өте тиімді»,дейді ол.