Словакия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдету туралы ойын жеткізді

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының елшісі Анарбек Қарашев қыркүйектің 2-сі күні Братиславада Словакия Республикасының сыртқы істер министрі Микулаш Дзуриндемен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында қазақстандық елші словакиялық сыртқы саясат ведомствосының басшысына жеміс тілей отырып, үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне қатысуға шақырды. Сонымен қатар, осы жылы Словакия президенті Иван Гашпаровичтің біздің елге жасаған сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Өз кезегінде Словакияның сыртқы істер министрі ары қарайғы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету туралы ойын жеткізіп, қазақ астанасында өтетін ЕҚЫҰ Саммитін өткізуде Словакияның қол ұшын беретіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар