Словакия тарапы Астанада ЕҚЫҰ Мемлекет басшыларының саммитін өткізуді қолдайды

СТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Словакия тарапы биылғы жылы Астанада ЕҚЫҰ Мемлекет басшыларының саммитін өткізуді қолдап отыр. Бұл туралы бүгін Ақордада Словакия Президенті Иван Гашпаровичпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығын Словакия мемлекетінің қолдағанына алғысымды білдіремін», деді Н. Назарбаев.

Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Словакия мемлекеті биылғы жылғы Астанадағы ЕҚЫҰ мемлекет басшылары саммитін өткізуді қолдап отырғанын атап өтті. Сонымен бірге Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөздер кезінде Еуропалық қауіпсіздіктің жаңа сәулетін қалыптастыру, өңірдегі жағдай, Ауғанстан мәселелері талқыланғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар