Словакияның СІМ басшысына ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай медаль табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Братиславада Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімов Словакия Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық дипломат Словакия СІМ басшысына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерейтойлық медалді табыс етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

С. Әбдікәрімов М. Лайчакқа медалді табыстап, оның Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан мен Словакия арасындағы екіжақты қатынастардың қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталғанын атап өтті.

null  

Словакия СІМ басшысы көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғысын жеткізуді сұрады.

Кездесу барысында дипломаттар екі ел арасында әр түрлі салаларда серпінді дамып жатқан ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Соңғы жаңалықтар