Smart Astana мобильді қосымшасында «Дәрілерді іздеу» сервисі іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Smart Astana мобильді қосымшасында «Дәрілерді іздеу» сервисі іске қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Дәрілік препараттарды іздеуді жеңілдету үшін Smart Astana мобильді қосымшасында «Дәрілерді іздеу» сервисі іске қосылды. «Медицина» бөлімінде «Дәрілер i-teka» белгішесін шертіп, әрі қарай өзіңізге керек дәрінің атауын жазу керек. Жүйе бұл дәрі сатылатын дәріханалардың тізімін шығарып береді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар