«СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ салық төлеу бойынша былтырғы жылдық деңгейден асып түсті

АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов / - Ақтөбе облысының негізгі корпоративтік салық төлеушісі- «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша жақсы жетістікке қол жеткізіп отыр.
None
None

2010 жылдың 8 айында бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жалпы сомасы бойынша компания 2009 жылдың жылдық деңгейінен асып түсті.

Егер былтыр кәсіпорынның бюджетке аударған салықтары мен басқа да төлемдерінің сомасы 150 миллиард теңгеден астамды құраса, 2010 жылдың қыркүйек айының 1-індегі жағдай бойынша, компания мемлекеттік бюджетке шамамен 156 миллиард теңге аударып отыр. «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ сондай-ақ, көмірсутек шикізатын өндірудің көлемі бойынша да Қазақстанның жетекші мұнай-газ операторлары бестігінің қатарында.

Өндіріс өскен сайын -салық та өсіп отыр. 2009 жылы компания мұнайдың жылдық өндірісі бойынша 6 миллиондық шектен асса, биыл 6,1 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Осы мақсатта өндірісті дамытуға ағымдағы жылы 900 милллион доллардан астам инвестиция салынады.

Ал компанияның әлеуметтік жауапкершілігіне келер болсақ, 2009 жылы демеушілік және қайырымдылық мақсаттарға - 783 миллиондай теңге жұмсалды, ал соңғы 5 жылда аталған мақсаттарға барлығы 6 395 миллион теңге аударылған.

Соңғы жаңалықтар