«СНПС Ақтөбемұнайгаздың» үш индустриялық-инновациялық жобасының құрылысы басталды

nbsp;АҚТӨБЕ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Мұғалжар ауданының Жаңажол кентінде Ақтөбе облысының үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген «СНПС Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының үш нысанының құрылысы басталды.
None
None

Олар - №4 мұнай өндіру зауыты, шикі газды Жаңажол кенішінің жер қабатына кері айдау зауыты және Солтүстік Трува кенішінен Жаңажол 3-ші газ өңдеу зауытына газ айдау және сепарациялау жөніндегі сорғы стансысы. Аталмыш жобаларға салынып отырған инвестициялардың жалпы сомасы 500 миллион доллар шамасында.

Құрылыс нысандарының іргетастарына капсул салу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов пен «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясының бас директоры Сюй Кэцян қатысты.

Соңғы жаңалықтар