Сочиде ІІІ Жастар экономикалық форумы өтуде
Жастар ұйымдарының атынан «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ-нің атқарушы директоры Айдын Сәбитов құттықтау сөз сөйледі.
Жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде А.Сәбитов жастар ұйымдарының соның ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі ШОБ-ті қолдау және дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингіне қатысуын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Аталған форумның аясында Қазақстан жастары конгресі мен «Халықаралық жастар орталығы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің арасында екі елдің мемлекеттік саясатын іске асыру саласында тиімді өзара ықпалдасуға мүмкіндік беретін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл әсіресе Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, Алматыда 2017 жылы өткізілетін Қысқы Универсиада, 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионаты сияқты ірі көлемді халықаралық шаралардың алдында өте маңызды. Бұл оқиғалардың әрқайсысы қоғамдық және экономикалық өмірдің дерлік барлық бағыттары өсімін шапшаңдататыны сөзсіз.
Форум 16 қыркүйекке дейін жалғасады, оның аясында азық-түлік қауіпсіздігі мен болашақ энергиясын қамтамасыз етуге арналған шеберлік сабақтары, сондай-ақ Networking-сессия өтеді.