Соғыс ардагерлері қоғам тарапынан әрқашан қамқорлық пен құрмет сезінулері керек - Павлодар облысының әкімі

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің барлығы коммуналдық қызмет шығындарының толық өтемақысын алады,
None
None

ардагерлер Жеңіс мерекесін жөндеуден өткізілген пәтерлерінде қарсы алады. Аудандар мен басқармалардың басшылары облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқа осыны баян етті.

Павлодарда ардагерлерге арналған үйдің құрылысы жүріп жатыр, ол үйден үй жағдайын жақсартуға кезекте тұрған 92 ардагер пәтер алады. Екібастұзда да сегіз ардагер үшін жайлы пәтерлер сатып алынбақ.

Облыс әкімдігінде болған кеңесте Ұлы Жеңіс мерейтойына әзірліктің барысы, оның ішінде орталық көшелерді мерекеге сай безендіру, қаза тапқан жауынгерлердің зираттарына барып қайтулары үшін олардың туыстарының жолдарына ақша бөлу мәселелері талқыланды.

«Ардагерлер қоғам тарапынан қамқорлық пен құрметті тек мереке күндері ғана емес, әрқашанда да сезінулері керек», деді облыс әкімі өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар