Солтүстік Каспий жобасы жаhандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады - Қазақстан Президенті

АТЫРАУ. 30 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» зауытының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде жобаның тарихына тоқталып кетті.
None
None

«Солтүстік Каспийді игеруді бастау туралы шешімнің бұдан жиырма жыл бұрын бекерге қабылданбады. Бүгін оның бірден-бір дұрыс шешім болғанын батыл мәлімдей аламын. Қашағанды игеру елдің экономикалық өсуіне қуатты серпін берді. Сондай-ақ, ол жас мемлекеттің халықаралық беделінің нығаюына септігін тигізді. Осынау бірегей алып кен орнын игеру республикамыздың әлемдік геосаяси кеңістіктегі ұстанымының беки түсуіне көмектесті. Қазақстанның болашақ дамуы үшін баға жеткісіз мәнге ие бола отырып, Солтүстік Каспий жобасы жаhандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады. Біздің бірлескен еңбегіміз бен серіктестігіміздің тегеуріні осы мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретініне сенемін», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы халықаралық серіктестерге, инженерлерге және осы ауқымды жобаны іске асыруға қатысқандардың баршасына алғысын айтты.

Соңғы жаңалықтар