Солтүстік Қазақстан әкімі соғыс ардагерлеріне көлік кілттерін табыс етті

ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов бейсенбі, мамырдың 6-сында Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне автокөлік кілттерін табыс етті.
None
None

Әкім Жеңістің 65 жылдығымен құттықтап, олардың ерен ерліктеріне алғыс білдіру үшін ардагерлердің үйлеріне барды.

Олардың біреуі - Петр Пенчук, Қызылжар ауданында тұрады. Ардагер бастапқыда тылда теміржол құрылысында еңбек етеді. Кейіннен майданға аттанады, Курс доғасында, Украинада, Беларуссияда соғысады, Польшаны азат етуге атсалысады. Петр Пенчук Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына екі рет қатысқан - 1945 жылы және жарты ғасырдан кейін, 2005 жылы.

Ардагерге көлік кілтін табыс етіп тұрып, аймақ басшысы «облысымыздың барлық тұрғындарының атынан Сізді келе жатқан мерекемен құттықтаймыз және Жеңістің 65 жылдығы құрметіне «темір тұлпардың» кілтін табыс еткім келеді», деді. Әкім ардагерге сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан солтүстікқазақстандықтар туралы кітаптың ілкі данасын табыс етті.

Аймақ басшысы «Жигулидің» кілтін табыс еткен екінші ардагер - Николай Чирик. Автокөліктің руліне 14 жаснда отырған ол, соғыстың басында колхозда еңбек еткен. Майданға шақырылған кезде миномет полкында расчет командирі болған, 1-ші Украина майданында шайқасқан, орталық бағыттағы шайқастарда, Берлинге бара жатқан жолда ауыр жарақат алған. Николай Чирик автокөлікті баяғыдан армандап келген және «Нұр Отанның» облыстық филиалына осындай өтініш айтқан.

Облыс әкімі ардагерді Жеңіс мерейтойымен құттықтап, оған жүргізуші куәлігін қайта ресімдеуге көмектесуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар