Солтүстік Қазақстан әкімі жаңажылдық мереке күндердегі қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес өткізді

ПЕТРОПАВЛ.  Желтоқсанның  29-ы.  ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан  әкімі   Серік Біләлов дүйсенбі  күні  Петропавлда   жұмыс кеңесін  өткізіп,  онда    мереке күндері  құқық  тәртібін  қамтамасыз етумен, апатты   және төтенше жағдайларға    жол бермеумен   байланысты  мәселелерді  талқыға салды.
None
None

Аймақ  әкімі      өз  сөзінде,  арнайы ведомстволар  мен    шұғыл әрекет етуші   қызметтердің  мереке күндері  төтенше   оқиғаларға    жол бермеу  жөніндегі басты міндеттеріне    баса назар  аударды.

Ал төтенше жағдайлар жөніндегі  облыстық департаментінің бастығы  Айлетжан  Саттыбаев  өз  кезегінде   мереке  қарсаңында  мекемелерге жүргізілген тексерулер  туралы    баян  етті.  «Тексеру барысында анықталған   өрт қауіпсіздігі ережелерінің   бұзылу фактіленіне  байланысты    олардың  жұмыстарын    үш тәулікке  тоқтату  туралы  10  қаулы  табыс етілді.  Бүгінгі таңда   7 нысанда   барлық  кемшіліктер жойылды»,  деді  А.Саттыбаев.

Ішкі істер  департаменті бастығының бірінші  орынбасары  полиция полковнигі Анатолий Дермановский    құқық қорғау  органдарының   мереке күндері күшейтілген   режимде  жұмыс істеуге әзір  екенін  баян етті.

Жұмыс  кеңесін  қорытындылаған   облыс әкімі:  «мереке күндері  барлық маңызды нысандарда тәулік  бойы   кезекшіліктер ұйымдастыру  керек.   Төтенше оқиғалар,     басқа да күтпеген  оқиғалар  орын  алған  жағдайларда,    жедел  әрекет етіп,    шұғыл шаралар қабылдау   керек»,  деп атап  көрсетті.

Соңғы жаңалықтар