Солтүстік Қазақстан Ішкі істер департаментінде майдангер-милиционерлерді Еске алу кітабы таныстырылды

ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда, Ішкі істер департаментінде, Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысқан солтүстікқазақстандық барлық милиционерлерге арналған «Еске алу» кітабы таныстырылды.
None
None

«Еске алу кітабы» облыстық ішкі істер департаментінің басшысы полиция полковнигі Дауыл Түсіпбековтың жалпы редакциясымен басып шығарылды. Туындыны баспаға журналистика саласының ардагері Луиза Власова жетекшілік еткен үлкен шығармашылық ұйым дайындады.

Кітапты таныстырған департамент басшысының орынбасары полиция полковнигі Мұрат Көшеков, иллюстрацияланған 260 беттік кітаптың майдангер-милиционерлерге арналғанын атап өтті. Ол кітапта соғысқа қатысқан барлық солтүстікқазақстандық милиционердің жауынгерлік жолы туралы, олардың Жеңіске қосқан үлестері туралы баян етіледі. Салтанатты шараға шақырылған қонақтардың барлығына кітап тарту етілді, шығармашылық ұжым өз жұмыстарын жалғастырмақ.

Соңғы жаңалықтар