19:55, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында іс қағаздарының электрондық тәсілі енгізілді
ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Қазақстан Республикасындағы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша іс қағаздарының электрондық тәсілі енгізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жүйе ішкі және сыртқы құжат айналымын реттейді, сотқа түскен құжаттардың дер кезінде және жедел атқарылуына жағдай туғызады. Барлық шағымдар, ұсыныстар, наразылықтар, арыздар, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді талдау сол арқылы өтеді. Бұл жүйені енгізу сот мен халықтың жақындасуына, сот қызметіне бақылауды күшейтуге, сот органдары мен азаматтар арасындағы өзара байланысты дамытуға көмектеседі.Облыстық сотта электрондық жүйе бойынша күніне 100-ден астам құжат тіркеледі. Қызметкерлерді іс жүргізудің жаңа тәсіліне үйрету үшін облыстық сотта арнайы оқу семинарлары ұйымдастырылған. Сондай-ақ облыс соттарында сот үдерісі аудиожазбасы жүйесінің алты жиынтығы орналастырылған. Олар қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот отырыстарын өткізуде қолданылады.