10:44, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы экономиканың түрлі саласында 14 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады
ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Дағдарысты еңсеру бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс орындарын сақтау, жұмыссыздарды жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жұмысшылардың жұмыстан босап қалу ықтималдықтары, әрбір ауылдық округті дамыта отырып жұмыс орындарын ашу мәселесі ескеріліп, әрбір аудан және Петропавл қаласы бойынша еңбекпен қамту картасы жасалып отыр. 2009 жылы 14 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Қоғамдық жұмыстарға 4 мыңдай адам тартылмақ. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерде 149 миллион теңге қарастырылған. Жұмыс берушілермен бірлесіп сондай-ақ, 16,5 миллион теңге қаржылық қамтумен 412 әлеуметтік жұмыс орнын да құру жоспарланып отыр. 1 мыңнан астам адам кәсіби оқудан өтеді. Ол үшін жергілікті бюджеттерде 46,6 миллион теңге мөлшерінде қаржы қарастырылған. Оған қоса жұмыс берушілердің есебінен тағы 5 717 адам оқиды.