Солтүстік Қазақстан облысында «Ауылдағы қора-жай» бағдарламасы жүзеге асырылуда

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ.  Желтоқсанның  26-сы.  ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -  Солтүстік Қазақстан  облысында «Ауылдағы   қора-жай» бағдарламасы    жүзеге асырылуда.
None
None

Ағымдағы аптада «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының  «АгроХолдинг «Тобыл» еншілес кәсіпорны «Ауылдағы қора-жай» бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі шегінде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында Железное ауылының тұрғындарының жеке шаруашылығына 113   доңыз берді.

Жергілікті органдардың келісімі бойынша бағдарламаның операторы солтүстікқазақстандық «Железное» ЖШС 21 үйге мал беруді жүзеге асырды. Асыл тұқымды шаруашылықтардың бірінен 4 миллион теңге сомаға мал басы сатып алынды.

2010 жылы бірінші торайлағаннан кейін және жас төлдер қажетті жасқа жеткеннен кейін аналықтар  «Железное» ЖШС-не қайтарылатыны, ал алынған тұқым ауыл тұрғындарының жеке пайдалануына тегін негізде қалдырылатыны жоспарланып отыр.

Мамандардың болжамы бойынша жобаны табысты іске асырған жағдайда, Железное ауылында шошқа басы 1000 бастан астам көбейеді. Бұдан басқа, Солтүстік Қазақстан облысында орташа ірі тауарлық шошқа фермасы пайда болады. Осылайша, СҚО-да халық жұмыспен қамтылады және бірнеше ондаған жаңа жұмыс орындары ашылады.

2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «АгроХолдинг Тобыл» мамандары  облыс халқына өсіру үшін тағы да бірнеше жүздеген асыл тұқымды мал басын сатып алып, беруді ниет етіп отыр.

Анықтама үшін: «Ауылдағы қора-жай» бағдарламасын «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы агроөнеркәсіптік секторды дамытуды қолдаудың тиімді жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар шегінде әзірледі.

Соңғы жаңалықтар