Солтүстік Қазақстан облысында бір аптаның ішінде жұқпалы аурулар деңгейі 3,1 есе артты

ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысында жұқпалы ауруларға ұшырау деңгейі 3,1 есе өсті.
None
None

Өткен аптада облыста вирустық жұқпалы аурулардың 3 212 оқиғасы тіркелді. Бұл ауру әсіресе Петропавл, Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов, Тимиряев және Шал ақын аудандарында өршіп тұр.

Облыс бойынша барлығы 22 370 адам тыныс аурларына ұшыраған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2 есе жоғары. Тұтастай алғанда СҚО-да өткен аптада 13 адам маусымдық А тұмауына шалдыққан.

Соңғы жаңалықтар